Педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің жағдайын жақсарту, жүк тасымалы: Президент бірнеше заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, белгілі бір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды. Мәселен, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) атағы үшін төленетін қосымша ақы 25 АЕК-ті (92 300 теңге) құрайды. Ал ғылым докторы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін 42 АЕК (155 064 теңге), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Ғылыми дәрежелері мен атақтары үшін осындай ай сайынғы қосымша ақы негізгі жұмыс орнында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми қызметкерлерге де белгіленді. 40 жасқа толмаған дарынды жас ғалымдарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорының инвестициялық кіріс қаражатынан стипендия алу құқығы берілді. Заңға енгізілген түзетулердің екінші блогы әскери қызметшілерге білім беру жеңілдіктерін енгізуді көздейді. Нақтырақ айтқанда, мерзімді әскери қызметін өтегеннен кейін әскери қызметшілердің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуы үшін білім беру гранттарына квоталар енгізілді. Түзетулердің үшінші блогы кәсіпкерлік субъектілердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысты заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Түзетулердің төртінші блогына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу және ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін тиісті жағдай жасау бойынша бірқатар өкілеттік беріледі. Сонымен бірге Мемлекет басшысы «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрама командалары шабуыл сатысымен көтерілуден үздік үштікке енді
Жас ғалымдар әлемнің озық зертханаларында тәжірибе жинауда
19 мамырға арналған метеожағдай қандай
"10 жыл үйде отырмады". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді
Алматыға 257 км шақырым жақын аумақта жер сілкінісі тіркелді
Атырау облысында бірнеше автожол уақытша жабылды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
Алматыға 257 км шақырым аумақта жер сілкінісі тіркелді
Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірнеше автожол уақытша жабылды
Алматы қаласы маңында тағы жер сілкінді
Абайлаңыз! Жақтың шығуына әкелетін сіз ойламаған әрекеттер
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық бала дүниеге келді
Италия, Франция және Словенияның бірнеше аймақтары су тасқынының астында қалды
Астанада ерекше балалардың ата-аналары экоакцияға қолдау білдірді
Сарыағашта 3 күн бұрын жоғалған үш жасар қыз өлі табылды
Кімдер тісін тегін емдете алады?
Жексенбі, 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Мейіржан Төребаев отбасымен қауышты
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
Ауру ма әлде әдет пе: неліктен біз аяқты дірілдетеміз?
Сарайшықта зиратты қорғап қалу үшін 800 метр жанама бөгет салынды
Еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Павлодарда «Бекет-2024» ведомствоаралық оқу-жаттығуы аяқталды