Педагогтерді аттестаттау қағидалары өзгереді

Мұғалімдерге арналған жаңа бағдарламалар әзірленіп жатыр.Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары қайта қаралып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. – Президенттің 2023 жылдың 5 қазандағы Республикалық педагогтер съезінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында қазіргі уақытта Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары қайта қаралып жатыр. Аттестаттау қағидаларының жобасында оқыту мен оқыту практикасына негізделген педагогтерді бағалау көзделеді. Бұдан басқа, педагогтердің, басшылардың, әдіскерлердің, аттестаттау комиссиясы мүшелерінің сабақтарды бақылауы қарастырылады. Қағидалар жобасында оқыту сапасын арттыру арқылы нәтиже беретін педагогтің тиімді тәжірибесіне назар аударылады. Бүгінде білім беру ұйымдарының педагогтері кемінде үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Қазіргі уақытта курстық даярлық тәсілдерін жаңарту бойынша педагогтердің біліктілік санаттарына сәйкес деңгейлік білім беру бағдарламалары әзірленуде, – деп атап өтеді министрліктен . Педагогтердің келесі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа әдістемелерін меңгеруі мынадай тақырыптарды қамтиды: бастауыш (қарапайым) – оқытудың неғұрлым тиімді әдістерін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тетіктерін игеру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға (педагог-тағылымдамашылар мен педагогтерге бағдарланған); жалғастырушы (орта) – білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінің нәтижелері (ББЖМ) бойынша көрсеткіштері төмен болған білім алушылармен жұмыс істеуге (педагог-модераторға, педагог-сарапшыға бағдарланған); жетілдірілген (күрделі) – нақты пәнді тереңдетіп оқыту және дарынды білім алушылармен жұмыс әдістерін игеру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған (педагог-сарапшыға, педагог-зерттеушіге және педагог-шеберге бағдарланған). Білім мазмұнына жауап беретін негізгі органдар – Оқу-ағарту министрлігі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Ал сол мазмұнды жеткізу оқулық пен оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. – Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, цифрлық және басқа да құзыреттердің оңтайлы арақатынасын қамтитын болады. Жергілікті атқарушы органдар педагог кадрларға қажеттілікті ескере отырып, педагогтерді даярлау, жұмысқа орналастыру, біліктілігін арттыру, әдістемелік және әлеуметтік қолдау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуде, – делінген министрлік хабарламасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда жол апатынан әйел адам қаза тапты
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Ислам Махачев бразилиялық файтерді бірінші раундта жеңіп, UFC рекордын орнатты
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырылды
Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырылды
«Ойын ойнап жатқанда телефонын тартып алған»: Астанада ашуға булыққан жас жігіт туған ағасын пышақтап өлтірді
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қанша теңгеге өсті?
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты
АҚШ-та TikTok ресми түрде бұғатталды
АҚШ-та TikTok бұғатталды
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды
Беті бері қарады: сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты тың дерек айтылды
АҚШ-та TikTok Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда бұғатталды
АШМ: Картопты үшінші елдерге әкету 6 айға шектелді
Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді
Картоп бағасының неге қымбаттап кеткені белгілі болды
Көкшетауда емделушінің әкесі дәрігерге жұдырық ала жүгірді (ВИДЕО)
Қазақстанда картоп экспортына шектеу енгізіледі
Қарағанды облысында лимфангит дертінен жылқылар қырылып жатыр
Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды
Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды