Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Мемлекет басшысы Заңға қол қойды. Бұрын олар әрі кетсе 17 жылға сотталатын. Енді жаңа заң бойынша педофилдер түрмеден ешқашан шыға алмайды. Сондай-ақ өтелмеген жаза мерзімі қысқартылмайды. Тіпті жазаның жұмсақтау түрімен ауыстырылмайды. Педофилдер рақымшылық ала алмайды. Олар жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:Сотталған мерзімінің жартысын отыру деген сияқты ешқандай жеңілдіктер жоқ, енді жаңа заңмен қарастырылмайтын болады. Кәмелет жасқа толмаған балалар олардың аурулары үшін, немесе қылмысы үшін жапа шекпеуі керек. Оған қоса, енді балаларға қарсы жасалған аяусыз, ауыр қылмыстар бойынша бітімгершілік қарастырылмайды. Қоғам белсенділері болашағымыз саналатын балаларды қорғайтын құжат деп отыр. Бастысы, балалардың тағдырын талқандап, арам ойларын жүзеге асыратындарды тәубесіне түсірсе дейді. Айнұр ЖҮГІНІСОВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:Балаға жасалып отырған қиянат менің ойымда кешірімсіз күнә болып көрінеді. Заңмен мүмкін тоқтата алмайтын шығармыз, бірақ, азайта аламыз. Ал оларды психологиямен емдеуге болатын шығар. Бірақ оны емдеуге келмейтіндер бар. Сол адам тура сол күні жазасын алу керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Тұман, жел, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Дәрігер тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік түрлерін атады
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
ДСМ алқасы: 2025 жыл – жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Ақтауда әлеуметтік осал топтағы 50 адам қайтарымсыз грант ұтып алды
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды