Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырсында депутаттар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алуды жақтап, дауыс берді. Нақтырақ айтсақ, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" негізгі заң жобасы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерестер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасы жұмысқа алынды. Бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Заң жобасына қандай нормалар енгізу көзделіп отырғанын Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов айтып берді. "Жоба Мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді", - деді Аймағамбетов. Оның сөзінше, заң жобасына мына негізгі нормаларды енгізу ұсынылып отыр: Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және де жазасын әлдеқайда қатаңдату; Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру. Бұған қоса: отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру; педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру; суицидты насихаттау үшін немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу; балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ, кез келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Сәтбаев университетінде талапкерлерге кәсіби бағдар беріледі
Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
Жетісу облысында жоғалған адам табылды
Жаңа жылдық рейд барысында заңсыз ағаш кескендер анықталды
«Әкемді құшақтап, тоқтамай жыладым»: түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек жан сырын ақтарды
10 жастағы қазақстандық оқушы дүниежүзілік Олимпиадада алтын иеленді
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Жаңа жылдағы шырша саудасы: 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынған
14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза болды
Кәрім Талғатұлы оқушылар арасындағы дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді