АҚШ-та Мичиган түрмесінде 11 жасар қызға сексуалдық зорлық көрсеткен педофиль деген айыппен 35 жыл жазасын өтеген Луи Райт атты азаматтың кінәсіз екені белгілі болды. Бұл туралы Sky News порталы хабарлайды.Ер адам ДНҚ табылуының арқасында мемлекеттік түрмеден босатылды және енді түрмеде өткізген әр жылы үшін өтемақы талап ете алады.Қазір 65 жасқа толған Луи Райт 1988 жылғы шабуыл кезінде Альбиондағы (Мичиган штаты) балалар үйінің жанында тұрған. Кезекші офицер оны оқиғадан бес сағат бұрын көргенін айтқан. Күдікті сол күні үйге баса көктеп кіріп, ұйықтап жатқан қызды қонақ бөлмесіне сүйреп апарып зорлаған. Райт әртүрлі сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен 25 жылдан 50 жылға дейін және үйге бұзып, кіргені үшін 6 жылдан 15 жылға дейін сотталды. Алайда, осы жылдың басында Мичиган Бас Прокурорының соттылықтың адалдығы бөлімінде істі Альбион қоғамдық қауіпсіздік департаменті қалпына келтірген. “Заттар сынамаға жіберіліп, мұндағы нәтиже бойынша табылған ер адамның ДНҚ-сы Луидікі болмай шықты. Нәтижесінде ол қылмыстан босатылып, тағылған айыптар алынып тасталды”,- дейді шенеуніктер. Райт штат заңы бойынша жазықсыз қамалғаны үшін 1,75 миллион доллар (819 миллион теңге) өндіруге құқылы. Ол түрмеде өткізген әр жылы үшін 50 000 доллар сұрай алады.