Перуде бірнеше күнде болған қуатты циклоннан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.Циклонның ықпалымен толассыз жаңбыр жауып, жүздеген үй қираған. Табиғат апатынан Латын Америка елінің солтүстік аудандары әсіресе Яку өңірі айтарлықтай зардап шекті. Үкімет төтенше жағдай жариялады. Перу ұлттық азаматтық қорғаныс институтының хабарлауынша, Якудегі су тасқынынан алты адам қаза тапқан. Институттың мәліметінше, жауын маусымы басталғалы бері Перуде 58 адам көз жұмған.