Перзентханада "қараусыз қалдым" деген атыраулық жас ананың видеосы әлеуметтік желіні шулатты

Атырау қалалық перзентханасында "қараусыз қалдым" деген жас ананың видеосы әлеуметтік желіні шулатты. Бейне жазбада келіншек қалалық перзентхананың 3- қабатында жалғыз өзі жатқанын және ешқандай медицина маманының жоқтығына шағымданады. Видео кешкі мезгілде түсірілген. Бөлімшеде расында да жас босанған әйелден басқа тірі жан жоқтығы анық көрініп тұр. Палаталар да бос. 3-қаңтар күні жүктіліктің 35-інші аптасында босанған ол баласының сарғаюына байланысты ем алып жатқан. Аталған жағдайға қалалық перзентхана қызметкерлері жауап берді. Айтуларынша, жаңа туған нәрестелер потологиясы бөлімшесінде орын болмағандықтан, уақытша босанғаннан кейінгі бөлімге жатқызған. Жас ананың қасында тағы 3 келіншек болыпты. Оларды кезек-кезек, босаған орынға орналастырған кезде жас ана 2 сағатқа бір өзі қалған. Дегенмен дәрігерлер бұған дейін бала да, ана да уақытылы бақылауда болды,- дейді. Жұмысымызды жоққа шығарды деген ақ халаттылар әлеуметтік желідегі жариялым бойынша заңгермен ақылдасып, шешім қабылдаймыз деп отыр. Гүлназ БИСЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл әйелді бір орын босағандықтан, кешкі сағат 7лерде көшірік 4інші этажға. Ол 2-3 сағат уақытқа ғана сол отелениеде бір өзі қалды. Палата дайын болғанға дейін бір өзі болды. Бұл кісі сол аралықта видеоны түсіріп отыр, мына жақта жалғыз қалдым деп. На самом деле 4 әйел болып жатты. +Ол аралықта акушер мен медсестра родзалға әйел мен бала әкелуге кеткен. Қасында телефонын беріп кеткен, бірдеңе болса маған соғыңыз деп. Б. Надірқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
«Бірге екен ғой»: Жұлдыз Әбдукәрімова Қайрат Нұртаспен видео жариялап, желіні шулатты (ВИДЕО)
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?