Алматыда полиция жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғынды ұстап, соттады. Ол мас күйінде қалалық төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, перзентханалардың біріне бомба қойылғанын айтқан.ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың ақпан айында қалалық төтенше жағдайлар қызметіне мас әйел телефон соққан. Ол қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Комиссия тексерісі хабарламаның жалған екенін анықтады. Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, күдікті анықталды және "ізін суытпай" ұсталды.