Петропавл әкімдігі 5 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған

Петропавл әкімдігі қала көшелеріндегі жолдарға қиыршық тас төсеуге бөлген 5 млр теңге қаражат босқа жұмсалған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасаған антикор өкілдері бірқатар деректерді анықтады.Петропавл қалалық әкімдігі соңғы үш жылда шаһар көшелеріне қиыршық тас төсеуге 5 млрд теңге бөлген. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасамаған. Тапсырысты орындаушы компанияға ақшаны тым көп төлеген. «Қазір төселген қиыршық тасқа сараптама жүргізу мүмкін емес. 5 млрд теңге желге ұшқан. Талдау қорытындысы бойынша облыс басшылығымен бірлесіп қаланың барлық грейдер жолды көшелерін асфальттау туралы ұсынымдар әзірленді. Бұл белгіленген сыбайлас жемқорлық схемаларын толығымен жояды. Осылайша, қаражаттың жұмсалуын сапалы бақылау және қаланың барлық жолдарының техникалық жай-күйін арттыру мақсатына қол жеткізіледі», - дейді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов. Өңірлік антикор басшысының айтуынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 15 мониторинг жүргізілді. Үш мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметі сыртқы талдаудан өтті. «Жалпы, мемлекеттік органдарға бизнес – процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру бойынша 150 – ден астам ұсынымдар мен ұсыныстар (99-талдау және 52-мониторинг) енгізілді. Олардың 75% - ы қазірдің өзінде іске асырылды. Мәселен, ағымдағы жылы біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды аяқтадық. Аналитикалық жұмыс арқылы біз 37 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтап, 83 ұсыныс бердік», - деді Сергей Перов. Бүгінгі күні облыс орталығының 17 көшесін асфальттау үшін бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті
Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан ел чемпионатының үздіктері атанды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды