Петропавл әскери институтының курсанттары жаппай қызылша жұқтырды

Қазір оқу орнында екпе алғанын растайтын құжаты жоқ курсанттарға екпе жасалып жатыр.Петропавлда әскери институт курсанттары қызылшамен ауырды: алдымен бір, кейін тағы 14 адам, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі. «Бүгінгі таңда әскери институт (ҚР Ұлттық ұлан академиясы – Sputnik) курсанттары арасында қызылша ауруының расталған 15 жағдайы тіркелді. Бірнеше тәулік ішінде, яғни 72 сағат ішінде ауруға шалдыққаны туралы құжаттық дәлелдері жоқ адамдар арасында байланыста болғандар егілді. Бұл жұмыс әскери институтта да жүргізілуде, «Барлық байланыста болғандар дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев брифингте. Ол курсанттар арасында қызылша ауруының бұлай өршуін әскери институтта еліміздің әр қаласынан келген курсанттардың білім алуынан деп түсіндірді. Көбісі вакциналау мәртебесін білмейді. Сонымен қатар, институтта курсанттар бір-бірімен үнемі тығыз байланыста. Санитарлық дәрігердің айтуынша, бүгінге дейін облыста қызылшаға күдікті 77 жағдай тіркелсе, оның 49-ы зертханалық расталған. Өткен жылдың осы кезеңінде облыста қызылша ауруы тіркелген жоқ. 49 жағдайдың үшеуі шетеден келген (БАӘ, РФ және Қырғызстан) азаматтар, 46-сы жергілікті. Жас құрылымы бойынша ең көп ауру 17 жастан асқандар арасында тіркелді – 29 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 20 жағдай, оның ішінде бір нәресте бар. «Ауруға шалдыққандардың 86 пайызы (42 адам) негізінен жеке сеніміне байланысты екпе алмаған немесе вакциналау туралы деректері жоқ», - деп атап өтті Әсет Жұматаев. Негізінен Петропавл тұрғындары ауырды, олар – 42 науқас, Мағжан Жұмабаев ауданында екі адам және Аққайың, Айыртау Мамлют, Қызылжар және Жамбыл аудандарында оқшауланған. Қазіргі таңда облыста қызылша, қызамық және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Өңірде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау кезінде 1660 бала немесе нысаналы тұрғындардың 6,3 пайызы егілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«ҚФФ-ның жаңа басшысы қазақ тілін білуі тиіс»: ол Черчесовтен құтыла ма?
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)