Петропавл қаласында жергілікті этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Ауыл әлемнің 100 тілінде» фестивалі өтті. Елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері өнер көрсетті.«Ауыл әлемнің 100 тілінде» атты байқауда түрлі ұлт өкілінен жиналған қатысушылар «Ауыл» сөзін тақтаға өз туған тілдерінде жазды. Сондай-ақ, өз тілдерінде ән айтып, ұлттық билерін биледі. Шараның басты мақсаты - Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің достығын көрсету. Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шараға «Ауыл» партиясы ұйытқы болды. Кандидаттар қала тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Саяси ұйымның Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары ертең ауылдық жерлерде жалғасады. Рысжан НҰРҒАЛИЕВА, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тамашалағандарыңыздай, бүгін өлең де, ән де айтылды. Ең басты маңыздылығы біздің туған еліміз Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтардың достығын көрсету мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырылды. Алда келе жатқан алғыс айту мерекесі құтты болсын. Қазақстанымыздың гүлденіп, жайнауына сеніміміз мол.