Петропавл тұрғыны әйелін, інісін, өгей қызын өлтіріп, өртеп жіберген

Петропавл тұрғыны үш адамды өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыптаушы тараптың мәліметінше, 25 жастағы ер адам төрт жастағы інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген.Сотталушының айтуынша, өрт болып жатқанда оянып, терезені сындырып, сыртқа шығып, көршілерден көмек сұрапты. Сот отырысында прокурор оқиғаның мән-жайы баяндады.Кешкілік ер адам ұйықтап жатқанда, балалар ойнап, оны оятып жіберген. Ашуланған ер адам, оларға ұрыса жөнеледі. Араша болған әйелді ол итеріп тастайды, ал жүгіріп келген кішкентай қызды лақтырып жіберген. Қатты жерге түскен бір жасар бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Полицияға хабарламақ болған әйелді айыпталушы тұншықтырып өлтірген. Баланы да осылай өмірін қиып, ісін жасыру үшін үйді өртеп жіберген, - деді прокурор. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келіп, өртті сөндірді және әйел мен екі баланың мәйітін тапты. Сараптамалар 21 жастағы әйелдің өрт пен көмірқышқыл газынан улану салдарынан қайтыс болғанын көрсеткен. Күдіктінің інісі өртке дейін көз жұмған. Бір жасар қызға келсек, сарапшылар баланың бас сүйектерінің сынуы мен қан кету түріндегі ауыр бас ми жарақатын алғанын, бұл жарақаттар өліміне себеп болуы мүмкін екенін анықтады.Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның өзі тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша өз кінәсін мойындамады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мұғалімдер сынып жетекшісі болғаны үшін қанша теңге алады?
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
Неліктен күзде және қыста бас жиі ауырады?
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
WSJ: Трамп сайлауының демеушісі соғысқа ықпал етуі үшін Солтүстік ағын 2-ні сатып алмақ
Тарихта алғаш рет: Қазақстандықтар каратэден командалық әлем чемпионатына қатысады
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Жетісу облысында дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты