Петропавл тұрғыны әйелін, інісін, өгей қызын өлтіріп, өртеп жіберген

Петропавл тұрғыны үш адамды өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Айыптаушы тараптың мәліметінше, 25 жастағы ер адам төрт жастағы інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген.Сотталушының айтуынша, өрт болып жатқанда оянып, терезені сындырып, сыртқа шығып, көршілерден көмек сұрапты. Сот отырысында прокурор оқиғаның мән-жайы баяндады.Кешкілік ер адам ұйықтап жатқанда, балалар ойнап, оны оятып жіберген. Ашуланған ер адам, оларға ұрыса жөнеледі. Араша болған әйелді ол итеріп тастайды, ал жүгіріп келген кішкентай қызды лақтырып жіберген. Қатты жерге түскен бір жасар бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Полицияға хабарламақ болған әйелді айыпталушы тұншықтырып өлтірген. Баланы да осылай өмірін қиып, ісін жасыру үшін үйді өртеп жіберген, - деді прокурор. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келіп, өртті сөндірді және әйел мен екі баланың мәйітін тапты. Сараптамалар 21 жастағы әйелдің өрт пен көмірқышқыл газынан улану салдарынан қайтыс болғанын көрсеткен. Күдіктінің інісі өртке дейін көз жұмған. Бір жасар қызға келсек, сарапшылар баланың бас сүйектерінің сынуы мен қан кету түріндегі ауыр бас ми жарақатын алғанын, бұл жарақаттар өліміне себеп болуы мүмкін екенін анықтады.Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның өзі тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша өз кінәсін мойындамады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Қолында тапаншасы бар". Талдықорғанда демалыс орнында төбелес болды
Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші баланы қорқытып, бірнеше рет зорлаған
Несиеге алынған көлікті сатуға болады ма?
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Ресей санкцияларын айналып өтіп тауар жеткізу туралы аййтылды
Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Алматыда Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті
Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді
Қостанай облысында екі жасөспірім қыз өзенге батып кетті
Ақтауда түнгі клубтан шыққандар қан-жоса болғанша төбелескен
"Қолында тапаншасы бар". Талдықорғанда демалыс орнында төбелес болды
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
Түркістан облысында шегірткеден қорғау шаралары аяқталды
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртенді
Оралда базарда газ баллоны жарылды: 10 адам зардап шекті
Достарымен шомылуға барған: Павлодарда 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр
30 миллион теңгеден аса қаражат жымқырған балабақша директоры сотталды
Меккеге қажылыққа барған алты адам қайтыс болды
Дзюдодан Еуропа кубогында Шерзод Давлатов чемпион атанды
Алматыда Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды
Еуропа чемпионаты: Испания құрамасы Хорватияны айқын басымдықпен жеңді
National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
Оралда мал соятын орында газ баллоны жарылды
Қылмыскерлер түрме қызметкерлерін кепілге алды