Петропавлда автокөлік көпірінен құлаған әйел аман қалды

Петропавлда белгісіз жағдайда автокөлік көпірінен құлаған әйел аман қалды. Қамысқа оратылып, жүре алмай қалған 32 жастағы қала тұрғынын мұздай судан полиция қызметкері алып шықты. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қазан күні сағат 22:30 шамасында Петропавл қалалық полиция басқармасының "102" пультіне шақырту түскен. Хабарласқан адам Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы суда жағаға шыға алмай жатқан әйелге көмек керек деп хабарласқан. Қоңырау шалушы әйел «зардап шегуші абайсызда құлады ма?» деген сұраққа жауап бере алмады.Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберілді. Сондай-ақ, СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі шақырылды. "Қараңғыда әйелді көре алмадық, тек көмек сұраған дауысы шығып жатты. Ол қараңғыда бағытты жоғалтып, жағадан алыстап, қамыс арасына кіріп кетуі мүмкін. Жағадан және көпірдегі қызметкерлер мен қала тұрғындары мені бағдарлап отырды. Шамның жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай жүруге тырысты, бірақ орнынан қозғала алмады", - дейді полиция қызметкері Олег Головин. Тәртіп сақшысы мұздай суға кіріп, қала тұрғынын қамыстан босатып, жағаға алып шықты. Келіп жеткен "Жедел жәрдем" тоңып қалған 32 жастағы Петропавл тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді. Полиция кіші лейтенанты Олег Головин киімін ауыстырып, қызмет өткеруін жалғастырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ нокаутшы АҚШ-тағы айқасы алдында салмақ өлшеу рәсімін өтті
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адамсенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды