Петропавлда бір күнде екі адам антибиотиктен өліп кете жаздады

Петропавлда антибиотик екпесін салдырған екі адамда анафилактикалық шок болып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері оларды өлімнен құтқарып қалды, деп жазды KAZINFORM.Екі оқиға да 29 қаңтарда болған. СҚО Жедел медициналық көмек көрсету орталығының мәліметінше, бірінші жағдайда орталыққа түске таман телефон қоңырауы түсіп, 14 жастағы жасөспірімнің ес-түссіз жатқандығы айтылған. Оқиға орнына келген мамандар баланың қан қысымын өлшегенде 60/40 мм болған. Бала Цефтриаксон препаратын алғаннан кейін 15 минуттан соң өңі бозарып, суық тер шығып, қан қысымы күрт төмендеген. Салдарынан есін жоғалтқан. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Сол күні сағат 23.00 шамасында «103» пультіне 40 жастағы әйелдің ес-түссіз жатқандығы туралы хабар түседі. Фельдшерлер келгенде науқастың жағдайы өте ауыр болған, оның естуі нашарлап, қан қысымы 20/0 мм дейін түсіп кеткен. Бұл жолы да сырқат Цефтриаксон препаратын қойдырып, 15 минут ішінде аллергиялық реакция берген. Мамандардың көмегінен кейін әйел есін жинап, стационарға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, антибиотиктерді енгізбес бұрын оны аллергиялық реакцияға тексеру қажет. Әсіресе Covid 19 пандемиясы кезінде кеңінен қолданылған цефалоспориндер тобының антибиотиктерін (ЦЕФ 3, Цефтриаксон, Цефазолин және басқалар) қолданған кезде аса абай болған жөн. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші алтын алды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді