Петропавлда есірткі жасырып, таратты деген күдікпен екі әйел ұсталды

Петропавлда 700 грамнан астам синтетикалық есірткімен екі құрбы ұсталды. Күдіктілер тыйым салынған затты арнайы орынға жасырып, таратуды кәсіп еткен.Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы жұмысшы кентінде Toyota RAV 4 автокөлігімен жүрген екі әйелді ұстады. Олардың бірі – 33 жастағы қала тұрғыны. 2022 жылдың қыркүйек айында әйелдің күйеуі есірткі жасырып, таратқаны үшін сотталып, қазір бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Алайда бұл зайыбына сабақ болмаған. Көліктің ішінде оның 36 жастағы құрбысы болған. Әйелдерді және олардың тұрғылықты мекенжайларын тінту кезінде 700 грамнан астам ұнтақ және кесектелген зат тәркіленді. Сараптама нәтижесі оның тұз деген атаумен белгілі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.«Сондай-ақ есірткіні буып-түюге арналған материалдар тәркіленіп алынды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Есірткіні аса ірі көлемде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз. Қазіргі уақытта 33 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес күдіктілер бұл қылмыспен 4 айға жақын уақыт айналысқан», – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Грузия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерден бас тартты
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Грузия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерден бас тартты
Нидерланды Украинаға тағы үш Patriot зымыран тасығыштарын тапсырды
Румынияда президенттік сайлаудағы дауыстарды қайта санау басталды
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Жаңаөзенде төртінші қабаттан секірген ер адам жансақтау бөліміне түсті
Абайлаңыз! Жүргізушілер не үшін куәлігінен айырылуы мүмкін?
Астанада Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың жинақтары таныстырылды
2035 жылға дейін елордада 2 мың гектар жердегі ескі құрылыс сүріледі
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ ұсталды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін
«Әйеліме әлемді көрсетемін деп уәде бердім»: актер Жанатбек Бәйтеков отбасы туралы айтты
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды