Петропавлда халықаралық маңыздағы автожолды су басты

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, Петропавл маңында Есіл өзенінің су деңгейі бір тәулікте 27 см көтеріліп, 978 см жетті.Қауіпті меже – 1 050 см. Су деңгейі осы көрсеткішке жеткен жағдайда Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін.Қазір су осы кенттің жанынан өтетін халықаралық маңызы бар автомобиль жолын басты,-деп хабарлайды  NEGE.«16 сәуір күні сағат 6:15-те Есіл өзенінің тасуына байланысты, «Челябі-Новосібір» М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Су басқан учаскенің ұзындығы – 80 метр, ені – 8 метр, биіктігі – 5 см. Бұл учаскені жылда су басады. Көліктердің учаскеден қауіпсіз өтуі үшін бұл жерде белгі бағаналары, айналып өту кестесі қойылды. Кезекшілік ұйымдастырылды», – деді СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Ал, Сергеев су қоймасында су деңгейі төмендеп келеді. Бөгеттің ернеуінен асып төгілуі – 92 см. Сондай-ақ, өңірдегі шағын өзендерден де келер қауіп жоқ, су қайта бастады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандағы персона нон грата тізіміндегі Тигран Кеосаян комаға түсіп қалды
Биыл жырға айналған Қарағанды – Жезқазған жолы салынады
Елімізде айналымы 24 млрд теңгені құрайтын 6,2 мың «дроп-карта» анықталды
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
Қар да кәдеге асады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
NASA ғарышкерлері қаңтарда ашық кеңістікке екі рет шығады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады
14 жасар Мейрамбек әуелетіп доп тебуден әлем рекордын жаңартуы мүмкін
Таразда ер адам мен әйел бесінші қабаттың балконынан құлап кетті
95 көлік соқтығысқан оқиғаға қатысты тағы бір видео тарады
Сербиядан Қазақстанға қашқын алаяқ экстрадицияланды