Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 7152.kz басылымына сілтеме жасап.Жазатайым оқиға дүйсенбіде кешке Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болды.2005 жылғы жасөспірім футболдан жаттығу кезінде жарақат алған. Оның эпигастрий аймағына (іштің жоғарғы бөлігі - еск.) доп тиіп, баспен көгалға құлаған.Жедел жәрдем станциясына 18:36-да хабарлама түсті, ал 18:40-та дәрігерлер оқиға орнына жеткен.Жасөспірім көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде сағат 20:10-да қайтыс болды.