Петропавлда жүкті әйел мен құрсақтағы баласын аман алып қалу үшін 4 сағат ота жасалды

Петропавлда перинаталдық орталық дәрігерлері жүктілік барысында дерт асқынған әйелге төрт сағат ота жасап, өзін де, құрсақтағы баласын да аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухана перинаталдық орталығының мәліметінше, жүкті келіншектің эпигастрия аумағы, яғни кіндік тұсының жоғары жағы бұрап ауырып, дәрігерлерге жүгінген. Қымбат уақытты өткізіп алмау үшін мамандар бірден ота жасауға шешім шығарады. «Көп жағдайда жүкті әйелдерде ауру белгілері анық байқалмайды. Сондықтан жедел ота жасалмаса науқас өліп кетуі мүмкін. Сол себепті жүктілігі 27 апта болатын келіншекті кесарь тілігі арқылы босандырып алып, операция жасауға шешім қабылданды. Науқаста соқырішек болған, ол асқынып кеткен», - дейді мамандар. Дәрігерлер 4 сағат бойы ота жасап, әйел мен оның сәбиін аман алып қалуға тырысты. Нәтижесінде 1200 гр шақалақ өмірге келіп, жедел түрде жаңа туған сәбилер реанимациясына жатқызылды. Мамандардың айтуынша, кесарь тілігінен басқа аппендэктомия, яғни соқырішекті алып тастау отасы жасалып, іш құрылысы жуылды. Күрделі ота болғанына қарамастан, әйелдің өмірге бала әкелу мүшелеріне зақым келген жоқ. Қазіргі уақытта әйелдің өміріне келер қауіп жоқ, жағдайы жақсы, босанғаннан кейінгі бөлімнен шығарылып, сәбиінің қасына, жаңа туған балалар патологиясы бөліміне ауыстырылды. Бұл - оның екінші баласы екен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Боливия чемпионатындағы матч ірі жанжалмен аяқталды (ВИДЕО)
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды