Петропавлда қардың күрт еруінен қарғын су жеке тұрғын үйлерге кіріп жатыр. Өткен тәулікте облыс орталығының 109 – бірыңғай байланыс орталығына көмек сұраған 119 хабарлама түскен. Үйлеріне су кірген тұрғындар бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Мәселен Петропавлдағы Перминов көшесіндегі үйге су екі сағат ішінде кірген.