Петропавлда көктайғақтың кесірінен 63 адам жарақат алды

Петропавлда соңғы үш күнде жарақат алғандарды саны артты. Қалалық көпбейінді аурухананың травматология бөліміне осы аралықта 180 адам қаралған, әр үшіншісі далада тайып құлап жарақаттанған, деп хабарлайды Kazinform.Ауа райының өзгеруіне байланысты соңғы үш күнде көшеде құлап, жарақаттанғандардың саны өсті. Сенбіден бастап осы күнге дейін Петропавлдағы көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне 180 адам келген. Оның 63-і көктайғақтың салдарынан зардап шеккен. Басым бөлігі — егде және орта жастағылар. «Негізінен қолдың басы, білезік сүйектері, жіліншік сынған. Иықтары шығып кеткен. Соңғы түскендерді ауруханаға жатқыздық, олардың жіліншіктері сынып, табан сүйектері шығып кеткен. Сырқаттарға ота жасалды. Тағы біреуінің жамбасы сынған», — дейді травматологиялық пунктің меңгерушісі Валерий Грибашов. Қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, гипс салынып, амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Олар енді алдағы 1-1,5 айды үйде өткізеді. «Көктайғақ болғандықтан сақтық шараларын ұстану қажеттігін көпшілік естен шығарады. Әдеттегідей асығады. Бірі жұмысқа кешігем деп, енді бірі автобусқа асыққан. Десек те осы үш күнде жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер түскен жоқ», — дейді Валерий Грибашов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"