Петропавлда мектеп оқушысы жігітті пышақтап тастады

Петропавлдағы № 44 орта мектептің оқушысы аулада 19 жастағы жігітке бірнеше жерден пышақ сұқты. Салдарынан бозбала ауруханаға түсіп, ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты ауыр, - деп жазды KAZINFORM.Оқиға кеше 15 мамыр күні болған. Петропавлдағы № 44 орта мектептің директоры Анастасия Якушеваның айтуынша, 13 мамыр күні білім ордасына ерекше режимдегі арнайы мектептен 18 жастағы бұрынғы оқушылары оралған. Ол оқу жылын аяқтап, емтихан тапсырып, аттестат алуы тиіс еді. «Ол 13 мамырда келді, мектепте бір күн болды. 14 мамыр күні болған жоқ, ал кеше осындай оқиға болды. Мектептен тыс жерде, аулада ол ересек баланы пышақтаған. Бірақ біз зардап шегушіні білмейміз. Балалардың айтуынша, екі жігіттің арасында келіспеушілік болып, арты төбелеске ұласқан. Бұл камерада болған көрінеді. Төбелестің нақты себебін біз айта алмаймыз, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ол сабақта болуы керек еді», - дейді мектеп директоры. Жаңадан келген оқушы жұмысқа орналасып, құжаттарын әкетпек болған. «Ол ертең жұмысқа орналасу туралы анықтама әкелетінін және мектептен кететінін айтты. Біз анықтама әкеліп, құжаттарын алуға болатынын айттық. Үйге кеттім деп мектептен шығып кеткен... Біз оны кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда, мектептің алдын алу кеңестерінде бірнеше рет қарастырдық. Мектепте бұл бала өзін әрдайым сабырлы ұстады, әрдайым мұғалімдерге құрметпен қарады және педагогикалық ұжымның оған ешқашан шағымы болған емес. Барлық қылмысты мектептен тыс жерде, тіпті кейде түнде жасаған, сондықтан оның ісі бірнеше рет комиссияларда қаралды. 18 жасқа толғаннан кейін оны арнайы мектеп бізге қайта оқуға жіберуге мәжбүр болған. Болған оқиғаны сол кезде өтіп бара жатқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі көріп, полицияға қоңырау шалды, өйткені ол сол кезде басқа балаларды жарысқа апармақшы болып, аялдамаға бара жатқан. Мұның бәрі олардың көз алдында болған», - дейді Анастасия Якушева. Зардап шегуші — 19 жастағы жігіт барлығы үш пышақ жарақатын алған. Қазір ол Петропавлдағы облыстық көпбейінді ауруханада жатыр. «Бізге кеше 15 мамыр күні сағат 11.20 шамасында ішінен және оң жақ қолынан пышақ жарақатын алған жігіт түсті. Ішіне пышақ сұғылғандықтан сырқатқа жедел түрде ота – лапаротомия жасалды. Операция штаттық режимде өтті. Кейін жансақтау бөліміне жатқызып, бүгін таңертең жағдайы тұрақталғандықтан хирургия бөліміне ауыстырылды. Отаның жасалғанына көп уақыт өте қойған жоқ, сондай-ақ лапаротомия істелді, зақым келген органдарды тіктік, сондықтан сырқаттың жағдайы ауыр. Тезірек аяғына тұрып кетуі үшін тиісті ем-дом толық жасалып жатыр», - дейді СҚО көпбейінді аурухана директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Руслан Абетов. СҚО полиция департаменті де осы қылмысқа қатысты түсініктеме берді. «Полиция қызметкерлері қала тұрғынын ізін суытпай ұстады. Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп күдіктелуде. Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген СҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
«Бардым да ала салдым»: Ақбота-Нұр 7 млн-дық сағатымен мақтанды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды