Петропавлда өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылды

Петропавл өрт сөндірушілері тұрғын үйдегі өрт кезінде барлығы 12 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, өр сөндірушілер қаладағы 6 қабатты тұрғын үйдердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсе салысымен дереу жеткен. Өрт сөндірушілер баспалдақ тамбурында алдыңғы есіктің астынан қалың түтін шығып жатқанын байқайды. Улы түтін пәтерлердегі, әсіресе жоғарғы қабаттардың тұрғындарын эвакуациялауға кедергі келтірген. Өрт сөндірушілер 12 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы баспалдақпен көшеге шығарып, сол мезетте газ-түтіннен қорғау буыны пәтерге кіреді. «Пәтердегі барлық бөлмелер түтінге толы болды, жатын бөлмесінде жеке заттар жанып жатты. Біз бөлмелердің бірінде бала бар екенін білдік, баланың өзі 101 қызмет диспетчері Жанерке Жиентаеваға бейне қоңырау арқылы қай жерде екенін көрсетті. Оны сол жерден таптық, ол терезе алдында отырып, ашық терезе арқылы демалып отырған. Оны көтеріп, кіреберістен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдым. Жол бойы оны мүмкіндігінше тыныштандырдым. Осы кезде үйде күтіп отырған үш баламды есіме алдым», - деді СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Балқат Токин. Алдын ала ақпаратқа сәйкес электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан өрт сағат 14.34-те сөндірілді. Оның ауданы 5 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 23 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Нақты себептері мен шығындары анықталуда. Өрт кезінде 12 жасар бала құтқарылды. Ол денсаулығына келтірілген залал дәрежесін анықтау үшін ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне қауіп жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады