Петропавлда психдиспансерде есепте тұратын адам автобус жүргізіп келген

Петропавлда психикалық денсаулық орталығының есебіне алынған ер адам қала көшелерінде автобус жүргізіп, жолаушы тасымалдаған. Бұл дерек Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жүргізген тексеріс кезінде анықталды, деп хабарлайды Kazinform.Бүгін облыстың қадағалау органы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Жиында өткен жыл мен биылғы 9 айдағы өңірдегі жол-көлік оқиғалары мен жарақаттануды азайту бойынша уәкілетті органдардың жұмысы қорытындыланды. Кеңес барысында СҚО-да жол-көлік оқиғалары саны — 17,5%, ал зардап шеккен адамдар саны — 16,8% өскені атап өтілді. «Жол қозғалысына қатысушылар тәртібінің төмендігі, уәкілетті органдар тарапынан заңмен қарастырылған шараларды қабылдамау жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері болып отыр. Тексеріс барысында жол қозғалысы саласындағы заңнама талаптарын жүйелі бұзу фактілері анықталды. Жергілікті атқарушы органдар „Жол қозғалысы туралы“ ҚР Заңының 24-бабының талаптарына қарамастан, полиция органдарының 79 жазбаша нұсқамасы бойынша оларды жою бойынша шара қабылдамаған» делінген прокуратураның хабарламасында. Мәселен, күн сайын 6 мыңнан астам бала баратын өңірдегі 83 білім мекемесінің жанында тиісті жол белгілері болмаған. Медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған 138 адамның жүргізуші куәлігі болған. Қзаір олардың көлік басқару құқығын тоқтату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. «Облыс орталығында маршруттық автобустың жүргізушісі осы жылдың 2 мамырынан бастап психикалық денсаулық орталығында есепке алынған, соған қарамастан автобусты басқарды, осылайша қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді» дейді прокуратура қызметкерлері. Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға қосымша жаяу жүргіншілер өткелдерін салу мәселесін пысықтау ұсынылды. Облыстың полиция департаментіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп апаттық-қауіпті жол учаскелерінің реестрін жасау, проблемалардың тізбесін айқындау және оларды шешу ұсынылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Тау етегінде атпен серуендеп жүрген әйел құлап, жарақат алды
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді