Петропавлда тағы да кәріз коллекторы істен шығып, қала әкімдігі төтенше жағдай жариялады

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды, тағы да кәріз коллекторы істен шықты. Екі апта бұрын қала орталығындағы 800 миллиметрлік негізгі кәріз магистралінде ақау шыққан, бұл жолы қала шетіндегі құбыр шыдас бермеді. Коллектор шаһардың бақандай 6 ауданынан жиналған қалдық суды өткізеді. Өткен ғасырдың орта тұсында салынған кәріз жүйесі бүгінде әбден ескірген.Біржан КӨШЕРБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Петропавл қаласында төтенше жағдай қарашаның тоғызынан бастап жарияланады. Кәріз коллекторының 700 метрін ауыстыру қажет. Қызылжар су серіктестігі жаңғырту жұмыстарын бастап кетті. Қалада сондай-ақ, газ құбырында апат болып, 300-ге жуық үй көгілдір отынсыз қалды. Газель көлігі көпқабатты үйдің сыртындағы газ құбырына соққан. Абырой болғанда, газгольдер дер кезінде ажыратылып, жарылыс болған жоқ. Көлік жүргізушісі жалтармай, барлық кінәні бірден мойындады. Енді ол барлық шығынды көтереді. Олег ИВАНОВ, «ГОРГАЗ-СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: Апат кезінде автомат қосылып, газды айырып тастады. Сондықтан газ сыртқа төгілген жоқ. Газ құбырының 150 метрі қабырғадан жұлынып, жерге құлады. Қазір мердігерлік компания оны жөндеп жатыр. Жуық арада жұмысты аяқтауы тиіс.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Талғар қаласына жаңадан сайланған әкім туралы не белгілі?
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды: 16 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жамбыл облысында бір ауыл сапалы ауыз сумен қамтылды
Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті: 16 желтоқсан 2024, 11:16 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылды (видео)
Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті