2023 жылдың 13 ақпанында Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке сөмкесіне балта мен пышақ тығып әкелген. Қала әкімдігінің мәліметінше, үш бала жараланған.Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 07.50 минут кеткенде болған. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген. Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр. Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.