Петропавлдағы түнгі клубтардың бірінде оқ атылып, 28 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.Оқиға орнына келген жедел-жәрдем қызметі жаралы адамды бірден ауруханаға жекізген. Алайда науқас операция кезінде көз жұмды. Полиция көп ұзамай күдіктіні ұстады. Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны облыс орталығындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сараптама жұмыстары жүріп жатыр.