Петропавлда зейнеткерді өлтірген шенеунік 11 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің 28 жастағы қызметкері өзі пәтер жалдап тұрған зейнеткерді аяусыз өлтірген. Ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Неделя» басылымы хабарлап отыр. Михаил Малеев Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің маманы болып жұмыс істеген. Ол әйелімен бірге Петропавлда 64 жастағы зейнеткердің пәтерін жалдап тұрған. 25 мамырда ер адам зейнеткерге төлем төлеу уақытын кейінге шегере тұруды сұраған. Бірақ алда-жалда бас тартса деген оймен өзімен бірге пышақ жасырып ала келген. "Өз ұсынысын қабыл алмаған соң ер адам пышақты алып, аса қатыгездікпен зейнеткердің кеудесіне, қарын және желке тұсына бірнеше рет соққы береді. Сілтелген пышақ әбден бүлінген соң сотталушы ас үйден басқа пышақты алып келіп, алдындағы әрекетін жалғастырады", – деп басылымы қылмыстық іс материалдарынан үзінді келтіреді. Осыдан кейін ер адам жәбірленушінің басын аяғымен теуіп, үйге алкоголь шашып, өртеп жібереді. Өзі қашып кетеді. "Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырды. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі өкпе мен бауырдың зақымдануы, кеуде мен қарынның бірнеше жерден тесілуі, көп қан жоғалту, сондай-ақ ашық ми жарақаты, бас сүйектің сынуы", делінген іс материалдарында. Өткен жылдың қазан айында 28 жастағы Малеев сот алдында жауап берді. Процесс барысында сотталушы кінәсін мойындап, бірақ аффект жағдайында зейнеткерді өлтіріп алғанын айтты. Болжам бойынша, әйел оны әбден қорлап, ашу-ызасына тиген. Бірақ сот мұндай айғақтарды ескерген жоқ. Прокурор Михаил Малеевке 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес, оның әрекеттері "ерекше қатыгездікпен өлтіру" санатына жатқызылды. Сот Малеевті 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады