Петропавдағы "Балдәурен" балабақшасының қызметкері туберкулез ауруын жұқтырған. Бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық тексеріс кезінде анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. Білім басқармасына Петропавлдың "Балдәурен" балабақшасының қызметкерінде туберкулез ауруын жұқтырғаны туралы ақпарат келіп түскен. Осыған байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін құрамына денсаулық сақтау және білім беру қызметкерлері кіретін жұмыс комиссиясы құрылды. Қазір бұл қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан босатылған. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығының қызметкерлері барлық үй-жайды дезинфекциялады. Өңдеу екі кезеңде жүргізілді: "Тынығу уақыты" кезінде бассейн, ойын бөлмелері, дәліздер дезинфекцияланды, сағат 19.00-ден кейін балабақшаның барлық басқа бөлмесі дезинфекцияланды. Дүйсенбіден бастап барлық қызметкерді тексерістен өткізеді. Байланыста болған балаларға Манту сынамасы қойылады. Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі. Бұл мәселе білім басқармасының бақылауында", - делінген хабарламада.