Петропавлға гастрольмен келген цирк шатырында спектакль кезінде көрермендер отырған трибуна опырылды. Мемлекеттік органдар бұл жайтқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Петропавловск.news. Қалаға гастрольмен келген мұзды алаң циркі өз жұмысын 22 наурызда бастаған. Бірақ қойылымдардың алғашқы күнінде төтенше жағдай болды. Шоу кезінде трибуна көрермендермен бірге опырылып, құлаған. Әлеуметтік желіде аталған жайттың видеосы пайда болды. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем және ТЖД қызметкерлері келген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сағат 16.57-де бөлімшеге қоңырау келіп түскен, жайт орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы келіп жеткен. Зардап шеккендер жоқ. Көрермендердің ешқайсы зардап шекпегенін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев та растады. "Қызметкерлеріміз оқиға орнына жетті, бірақ жай ғана не болғанын тексеру мақсатында келген. Ешқандай шара қолданылған жоқ. Қирағандыларды құрылыс иелері өздері қалпына келтірді. Себебі аттракционның қауіпсіздігіне олар жауапты. Ал төтенше жағдайға байланысты адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесіне келсек, қуанышқа орай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп түсіндірді Евгений Журавлев.