Пиротехниканы заңсыз сатқандарға қандай шара қолданылады

Еліміздің аумағында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов айтты.«Ішкі істер министрлігі осы жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 3 қаңтар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелерімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Аталған іс-шара нарықтарда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды, сондай-ақ оларды рұқсатсыз бей-берекет сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шаралар барысында пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау тәртібінің сақталу мәніне заңды тұлғалар және сауда орындарын тексеретін болады», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте. Оның атап өтуінше, кәмелетке толмағандармен пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақат алудың профилактикасына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте, мектептерде оқушылармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Пиротехника – бұл өрттің шығуына ғана емес, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті құрал. Оны дұрыс пайдаланбаса жазатайым жағдайға әкелуі мүмкін. «Қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды сату қызметі түріне тиісті лицензиялары бар мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан ғана сатып алған дұрыс. Пиротехниканы сатып алу кезінде ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оны қолдану жөніндегі нұсқаулық болуы керек. Бұйымның сыртқы қаптамасының дұрыстығына және сақтау мерзіміне міндетті түрде назар аударған жөн», - деді Асылбек Ыдырысов. Министрлік өкілінің айтуынша, елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгүнгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал пиротехникалық бұйымдарды заңсыз (рұқсат құжаттарсыз) сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс баптарымен жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, еркiн сауда жасауға Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасағаны үшін 86 мың 250 теңге, жеке тұлғалардың тыныштығын пиротехниканы қолдана отырып бұзғаны үшін 69 мың теңге мөлшерiнде айыппұл салынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Қазақ қызы UFC сапына қашан қосылатыны айтылды
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
Париж Олимпиадасында жүлде алған түрік мергені сұхбат үшін қомақты сома сұрады
«Қайрат Нұртас қызғанбай ма?»: Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы жұртты ойландырып қойды
Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды