Пияз бағасының өсуін түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еліміздегі пияз тапшылығы мен бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Иә, Магнум, Смолл желілерінде пияздың бағасы 340 – 400 теңге. Бұл пияз айналасындағы соңғы уақыттағы ажиотажға байланысты. Пияз нарығындағы жағдайды бақылап отырмыз. Өткен жылы елімізге 1,5 миллион тонна пияз әкелінді. Оның 1 миллион 100 мыңы Жамбыл облысына жеткізілді. Кейін пияз экспорттаушы Пәкістандағы табиғи құбылыстардың салдарынан (су тасқыны, ауа райының аяқ астынан суытуы) пияз жеткізу көлемі азайды. Сонымен қатар көршіміз Өзбекстанда пиязға сұраныс артты. Осы жағдайларды ескере отырып, біз пияз экспортына уақытша шектеу қойдық», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет үйінде өткен брифинг барысында. Оның айтуынша, пияз бағасы бақылауда. «Бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті. Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқуда. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190 - 210 теңге болды», - дейді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды
Иран валютасын өзгерткелі жатыр
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады