Пияз бағасы екі есе өсті, бұл – соңғы төрт жылдағы ең жоғары өсім. Бұған себеп, пиязға сұраныс артты дейді сауда министрі. Қазір Өзбекстан, Пәкістан, Ресей Федерациясында өндіріс тоқтаған. Сол себепті елде пияз экспортына шектеу қойылды. Алайда жасырын жолмен сыртқа пиязды саудалайтындардың кесірінен елде тапшылық болуы мүмкін дейді министр. Айтуынша, халықты ай сайын қамту үшін 30 мың тонна пияз қажет.Серік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ: Қазір Мәскеу сөрелерінде пияз бағасы 500 теңгеге жетсе, Өзбекстанда 350 теңге. Ал бізде баға 170 теңгеге дейін өсті. Елімізде пияз тапшылығына жол берілмейді. Сондықтан да сыртқы сауда бойынша ведомствоаралық комиссия үш айға пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдады. Заңсыз экспортпен айналысқандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Белгілі бір сомада бағаның өсімі болатын шығар. Нақты айта алмаймын. А. Базарбай