Қоқыс жәшігінде жатқан кішкентай нәрестені қала тұрғындары тауып алған. Ол полиэтилен пакетке оранған күйі жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Қостанай облысының полиция департаменті 17 желтоқсан күні түскі уақытта Корчагина көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғанын хабарлады. Полиция дерегінше, бала полиэтилен пакетке оранған күйі жатқан.“Аталған факті бойынша Рудный қалалық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Анасы жаңа туған нәрестесін өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – деді өңірдің полиция департаменті. Қазір жергілікті тәртіп сақшылары аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған тұлғаны анықтау үшін қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.