Ақмола полицейлері адасып кеткен елікке жол көрсетті, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.9 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасы ЖБО бейнебақылаушысы Абай-Назарбаев көшелерінің қиылысынан сібір елігін байқаған.Патрульдік полицейлер жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін жануарды жолдан шығарыпты."Осындай оқиға Атбасар ауданында да тіркелді. Жабайы жануарлардың қысқы көші-қоны әлі аяқталмады, тұяқтылар жазғы жайылымдарынан қысқы тіршілік ету ортасына оралады", - делінген хабарламада.