Полицейлер қызметтік көлікпен мотоцикл мінген 17 жастағы баланы қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 17 жастағы Кемелбай Мереке мотоциклден құлап мерт болды. Жасөпірімнің анасы Жанаргүл Шүренбай жағдайға полицияны кінәлап видеоүндеу жолдады. Бұл туралы  АқЖайық басылымы хабарлайды.Марқұмның анасының айтуынша, полиция қызметкерлері қызметтік көліктерімен мотоцикл тізгіндеген ұлды қуып, ақырында оны соққан. Бала басынан соққы алып, көз жұмды. "Қайғыға баттым, полиция қызметкерлерінің кінәсінен есейіп қалған ұлымнан айырылдым. Олар оны заңсыз қуып, құлатып, басын басып өлтірді. Менің ұлым қылмыскер емес. Ол небәрі 17 жаста еді. Неліктен олар оны қуды? Бұл заңсыздықты кім және қашан тоқтатады? Полиция бөлімінде не болып жатыр? Біреу біреуді пышақтайды, біреу қызметтік көлікпен жасөспірімді қағып кетеді. Онымен қоймай, оқиға болған жердің сызбасын да қате сызған. Бұл заңсыздық қашан тоқтайды?”, – деді Жанаргүл Шүренбай. Ана бас прокурор мен облыс прокурорынан көмек сұрап, күдікті екі полицейді босатпауды сұрайды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет жағдайға түсініктеме берді. “Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүдделеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде бір қызметкер жұмыстан босатылса, екіншісі шенінен айырылды”, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ансар Ниетқалиев Еуропалық теннис қауымдастығының “Жылдың үздік шетел ойыншысы” атанды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады