Полицейлер өзіне қол салған қызды құтқарып қалды

Павлодардан түскен қоңырау Түркістан облысында суицид жасамақ болған қызды құтқаруға көмектесті. Бұл оқиға Түркістан облысындағы үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлаған. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекенжайын анықтап, сол жерге барды. Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпады. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады. Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермек болды. Осылайша, олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және асүйде қоштасу хаты тұрғанын анықтаған. Олар үйдің барлық жерін аралай бастады, бірақ қыз із-түссіз жоқ. Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған қызды тапқан. Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырды. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастады. Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс беріп, жедел жәрдем шақырды. Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды өлімнен құтқарып қалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталып жатыр. Анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Сондай-ақ полицейлерге дәрігерлер де алғыс айтып, қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, егер олар бірнеше секундқа кешігіп қалса, онда қыз өмірмен қоштасуы мүмкін еді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодарда заңсыз пиротехника сатушылар жазаланды
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
«Алаш көсемі және ұлт тілі» зерттеуіне рецензия
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді