Полицейлерге қатысты тергеу басталды

Полицейлерге қатысты тергеу басталды

Қарағандыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан Гүлмира Өмірзақованың туыстары марқұмның өліміне күдіктімен қоса полицейлерді де жазалауды сұрайды. Әйел ажалынан 2- ақ сағат бұрын полиция қызметкерлерін шақырып, төбелес шығарған тираннан қорғауды сұрап арызданған. Алайда инспекторлар мас ер адамды тұтқындаудың орнына пәтерінде қалдырып кеткен көрінеді. Артынша ол балаларының көзінше әйелді пышақтап өлтірген. Жасы 80- нен асқан Рысбала Қаламқызы үлкен қызынан айырылды. Тұңғышы Гүлмира Өмірзақованы 17 жыл отасқан бұрыңғы күйеуі балаларының көзінше өлтірген. Айтуынша, күйеу баласы үйлене салысымен қызына қол жұмсаған. Рысбала ӨМІРЗАҚОВА, Г. ӨМІРЗАҚОВАНЫҢ АНАСЫ: Төбелесіп, аузына келгенін сөйлейтін. Бірде араша түскен мені шашымнан жұлып қабырғаға бір-ақ итерген болатын. Қасымдағы кіші қызымды баласының көзінше ұрды. Полиция шақырып арыз жаздық, 3 ай сандалтып қойды да ақыры істі жапқан. Ал оны 2 сағаттан соң үйге жіберген. Гүлмира соңғы кезде үнемі «өлтіремін» деп айтады, қорқып жүрмін деп айтатын. Ақыры өлтіріп тынды. Марқұм күйеуімен 10 жыл бұрын заңды түрде ажырасқан. Бірақ, ол кетпей қойып, бірге тұрған көрінеді. 16 жастағы қызы және 14 жастағы ұлдары бар. 25- інші сәуір күні ішіп келіп төбелес шығарыпты. Әйел полиция қызметкерлерін шақырып қорғауды сұраған. Алайда инспекторлар мас ер азаматты тұтқындамай, пәтерінде қалдырып кеткен. Артынша ол екі баласының көзінше әйелді пышақтап өлтірген. Айгүл ӨМІРЗАҚОВА, Г. ӨМІРЗАҚОВАНЫҢ СІҢЛІСІ: Учаскелік инспектор келген, бірақ арызды қалдырып балаларымен бірге пәтерде тастап кеткен. Екі сағаттан соң 14 жастағы ұлы маған телефонмен папам мамамды пышақтап тастады деді. Артынша полицейлер де хабарласты. Гүлмира одан қорғауды сұрады ғой, неге алып кетпеді? Егер тұтқындап әкетсе әпкем аман қалар ма еді, кім білсін? Қаншама рет инспектор шақырған, бірақ ылғи бостандыққа жіберіп отырған. Отбасының қорғаушылары да күдіктінің дер кезінде әкімшілік қамауға алынбағанын айтады. Оны «Кісі өлтіру» бабымен қоса «азаптау» бабымен жазалауды, сондай- ақ полицейлерді «қызметке салғырт қарау» бабымен жауапқа тарту бабымен іс қозғауды сұрап отыр. Ибрагим СӘДУАҚАСОВ, ҚОРҒАУШЫ: «Қылымыстық Кодекстің 453-інші бабы, 2- інші бөлігі бойынша қылмыстық істі қозғауға тура келеді,- деп ойлаймыз. Өйткені, сол қылмыстық әрекет жасалғанға дейін полиция қызметкерлері келіп арызды алып, бірақ та ешқандай іс- әрекет қолданбаған болса онда жаңағы сол полиция қызметкерлері өздерінің міндеттемелеріне салғырт қарауы көрінісі деп ойлаймыз». Полиция департаменті өз қызметкерлеріне қатысты тексеру басталғанын мәлімдеді. Нығмет ИСМАҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаны барлық мән- жайы анықталуда. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлеріне, сондай- ақ олардың тікелей басшыларына қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. Қорытындысы бойынша қатаң жауапкершілікке тартылатын болады». Гүлмираның туыстары күдіктіні қатаң жазалауды, учаскелік инспекторлардың да жауапқа тартылуын сұрайды. Марқұмның артында қалған екі баласын сіңлісі асырап алмақшы.

Көгерген иіс, сынған терезе: Алматылықтар қараусыз қалған ғимаратқа алаңдаулы
Көгерген иіс, сынған терезе: Алматылықтар қараусыз қалған ғимаратқа алаңдаулы
  • baq.kz
Алматы облысында заңсыз салынған нысандар бұзылып жатыр
Алматы облысында заңсыз салынған нысандар бұзылып жатыр
  • Massaget
Қызылордада аса ірі көлемде есірткі саудаламақ болған күдікті ұсталды
Қызылордада аса ірі көлемде есірткі саудаламақ болған күдікті ұсталды
  • baq.kz
Қазақстанда тағы бір саяси партия пайда болуы мүмкін
Қазақстанда тағы бір саяси партия пайда болуы мүмкін
  • Massaget
Балалар мен студенттер ата-аналар емханасына тіркеле алады
Балалар мен студенттер ата-аналар емханасына тіркеле алады
  • astanatv.kz/kz/
Жыл басынан бері 196 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Жыл басынан бері 196 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
  • baq.kz
  Әкімнің бұрынғы әйелінің атышулы мәлімдемесінен кейін Атырау облысында қызметтік тексеріс басталды
Әкімнің бұрынғы әйелінің атышулы мәлімдемесінен кейін Атырау облысында қызметтік тексеріс басталды
  • aikyn
Қазақстан-Малайзия: Бірлескен жобалар туралы келісімдерге қол қойылды
Қазақстан-Малайзия: Бірлескен жобалар туралы келісімдерге қол қойылды
  • el.kz
Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөледі
Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөледі
  • halyq-uni
Таразда 2 жасар бала каналға құлап кеткен
Таразда 2 жасар бала каналға құлап кеткен
  • Massaget
Құлсарылықтар көмек алу үшін Жылыой ауданының әкімдігіне жүгіне алады
Құлсарылықтар көмек алу үшін Жылыой ауданының әкімдігіне жүгіне алады
  • baq.kz
Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңге бөледі
Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңге бөледі
  • baq.kz
Бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлаған Әнуарбек Жексенғалиев сотталды
Бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлаған Әнуарбек Жексенғалиев сотталды
  • sn.kz
Ұлттық кітапхана мұражайында жылан мен бұзау терісімен қапталған кітаптар бар
Ұлттық кітапхана мұражайында жылан мен бұзау терісімен қапталған кітаптар бар
  • Massaget
Әскери жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін 1,5 мың орын бөлінді
Әскери жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін 1,5 мың орын бөлінді
  • baq.kz
Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогер жазаланды
Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогер жазаланды
  • turkystan
Су тасқыны. Трасса астына су өткізгіш құбырлар салынды
Су тасқыны. Трасса астына су өткізгіш құбырлар салынды
  • baq.kz
"Алтын 30 жылдық": Сарапшылар қазақ-қытай қатынасын талқылады
"Алтын 30 жылдық": Сарапшылар қазақ-қытай қатынасын талқылады
  • baq.kz
Таразда полицей суға тұншыққан 2 жасар баланы құтқарып қалды
Таразда полицей суға тұншыққан 2 жасар баланы құтқарып қалды
  • astanatv.kz/kz/
Қазақстандық Ахмедов 11 боксшыны сұлатқан "Қиратушымен" айқасады
Қазақстандық Ахмедов 11 боксшыны сұлатқан "Қиратушымен" айқасады
  • Massaget
"Флюорографиядан өтуің керек": алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
"Флюорографиядан өтуің керек": алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
  • Massaget
Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде көз жұмды
Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде көз жұмды
  • turkystan
Ауру – астан...
Ауру – астан...
  • turkystan
Еліміздің азаматтарында қанша көлік бар?
Еліміздің азаматтарында қанша көлік бар?
  • baq.kz
Головкин командасындағы нокаутшы никарагуалық "Қиратушымен" айқасқа шығады
Головкин командасындағы нокаутшы никарагуалық "Қиратушымен" айқасқа шығады
  • Vesti
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяда садақ атудан өтетін әлем кубогіне қатысады
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяда садақ атудан өтетін әлем кубогіне қатысады
  • turkystan
Өзбекстанмен бес айқас! Халықаралық турнирдің жартылай финалына тікелей трансляция
Өзбекстанмен бес айқас! Халықаралық турнирдің жартылай финалына тікелей трансляция
  • Vesti
Қазақстандық гимнастшы Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Қазақстандық гимнастшы Азия чемпионатында жүлдегер атанды
  • turkystan
Атырау облысында әйелін соққыға жыққан әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Атырау облысында әйелін соққыға жыққан әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
  • qaz365.kz
Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлаған кәсіпкер 6 жылға сотталды
Миллиардтаған бюджет қаржысын ұрлаған кәсіпкер 6 жылға сотталды
  • qaz365.kz
Блогер Мұрат Әбділдаға қатысты сот үкімі шықты
Блогер Мұрат Әбділдаға қатысты сот үкімі шықты
  • qaz365.kz
Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?
Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?
  • TengriNews
Әділет вице-министрі Бишімбаевты мерзімінен бұрын босату шарттарын атады
Әділет вице-министрі Бишімбаевты мерзімінен бұрын босату шарттарын атады
  • TengriNews
Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы бас тартты
Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы бас тартты
  • TengriNews
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатылды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы әкімі қызметінен босатылды
  • TengriNews
"Азық-түлік корпорациясы" департаментінің директоры мен бас маманы сотталды
"Азық-түлік корпорациясы" департаментінің директоры мен бас маманы сотталды
  • TengriNews
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
  • bugin.kz
Қостанай-Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды
Қостанай-Алматы рейсінде жолаушы қайтыс болды
  • TengriNews
Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін
Қазақстандағы ірі сауда орталықтары үшін жаңа міндеттеме енгізілуі мүмкін
  • TengriNews
Желіде әйелдің аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады
Желіде әйелдің аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады
  • TengriNews
«Әр адамның өз үні болуы  керек...»
«Әр адамның өз үні болуы керек...»
  • adebiportal.kz
«Менің кеткім келмейді»: Николь Шерзингер Алматының әдемілігіне тамсанды (ВИДЕО)
«Менің кеткім келмейді»: Николь Шерзингер Алматының әдемілігіне тамсанды (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Ұлы дала жорығы»: Астанада бірегей ат марафоны туралы фильмнің тұсаукесері өтті
«Ұлы дала жорығы»: Астанада бірегей ат марафоны туралы фильмнің тұсаукесері өтті
  • el.kz
Әбілхан Қастеев атындағы музейде балетке арналған картиналар көрмесі ашылды
Әбілхан Қастеев атындағы музейде балетке арналған картиналар көрмесі ашылды
  • el.kz
Алматыда ер адам бұрынғы әйелін тепкілеп жатқанда қасында екі жігіт қарап тұрған (ВИДЕО)
Алматыда ер адам бұрынғы әйелін тепкілеп жатқанда қасында екі жігіт қарап тұрған (ВИДЕО)
  • halyq-uni
Қазақстандықтар Астана және Алматы әуежайларындағы бағаларға шағымданды: меморган жауабы
Қазақстандықтар Астана және Алматы әуежайларындағы бағаларға шағымданды: меморган жауабы
  • TengriTravel
Таразда каналға құлап кеткен 2 жасар бала құтқарылды
Таразда каналға құлап кеткен 2 жасар бала құтқарылды
  • turkystan
Әуе шабуылынан қорғаныс бригадасына жас сарбаздар келді
Әуе шабуылынан қорғаныс бригадасына жас сарбаздар келді
  • Otyrar