Полиция подполковнигі екі павлодарлыққа оқ атқаны үшін шенінен айырылды

Екі ер адамға газ тапаншасынан бірнеше рет оқ атқан Ішкі істер министрлігі қызметкеріне үкім шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық сотына сілтеме жасап хабарлайды. Соттың ресми сайтының мәліметінше, бүгін 6 наурызда Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы, кадр саясаты бөлімінің бастығына қатысты бұзақылық фактісімен Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. "Қаңтар айында Павлодар қаласы Сұрағанов көшесінде орналасқан бильярд клубының алдындағы көлік тұрағында ІІМ қызметкері бұзақылық ниетпен газды тапаншаны қасақана пайдаланып, екі жәбірленушіге бірнеше рет оқ атқан, олар оның әрекетінен қауіптеніп, одан қашып кеткен" - делінген сот хабарламасында. Кейін ІІМ қызметкері оқиға орнынан кетіп қалған. Сотта ер адамның жасаған қылмысы ауыр қылмыс санатына жататыны, ол үшін заңда балама жазалар қарастырылғаны айтылды. Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен, куәлар мен жәбірленушілердің айғақтарымен расталды. Жеңілдететін мән-жай ретінде ер адамның асырауында үш жас баласының болуы, ал ауырлататын мән-жай ретінде берген антын бұзған адамның қылмыстық құқықбұзушылық жасауы деп көрсетілген. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол "полиция подполковнигі" арнайы шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Он жылдан кейінгі той»: Сметов жеңе алмаған Наохиса Такато әйеліне қалыңдық көйлегін кигізді
"Әлі сене алар емеспін": Ернар Айдар марқұм әкесін еске алды
Ливанда жаңа президент сайланды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды