"Полиция, шіркеу ғимараттары өртенді." Франция халқы тағы көтеріліп кетті

Жұма күні Францияның бірқатар қалаларында наразылық акциялары өтті. Қалың бұқара Конституциялық Кеңестің (ҚК) зейнетақы реформасының негізгі ережелерін мақұлдаған шешімінен кейін көшеге шығып, оның арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz. BFM телеарнасы құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйене отырып, Парижде стихиялық наразылық акциясына 4 мыңға жуық адам қатысқанын хабарлады. Наразылық білдірушілердің бірнеше тобы ел астанасының мэрия ғимаратының жанына жиналды. Олар қоқыс жәшіктерін, сырттағы орындықтарды, велосипедтерді өртеп жіберді. Полиция көзден жас ағызатын газды қолдануға мәжбүр болды. Агрессивті демонстранттар полиция бөліміне шабуыл жасап, алдыңғы есікті өртеген. Нант орталығында трамвай жолдарында өрт болды, префектура ғимаратында полициямен қақтығыстар орын алды. 2,3 мыңға жуық наразылық білдірушілер Тулузада да көшеге шықты. Жаппай шеру Дижон, Страсбург, Марсель және Лион қалаларында да өтіп жатыр, онда да құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газды қолданды Республиканың ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, наразылық білдірушілер Ренндегі шіркеуге шабуыл жасаған."Бүгін түнде Реннде полиция бөлімшесі мен шіркеуге бұзақылардың жасаған шабуылдары барып тұрған бассыздық", - деп жазды ведомство басшысы Twitter-де. Сондай-ақ ол кінәлілер жауапқа тартылатынын ескертті. Штелдік басылымдар Парижде 112 адам ұсталғанын хабарлады. Бұл - Францияда зейнетақы реформасына қарсы 12-ші мәрте өткізіліп отырған жалпыхалықтық көтеріліс. Реформаны қабылдау қарсаңында өткізілгендіктен бұл жолғысы аяусыз басып-жаншуға ұшырады. Жұма күні Франция Конституциялық Кеңесі зейнетақы реформасының негізгі ережелерін, соның ішінде 2030 жылға қарай зейнетке шығудың ең төменгі жасын 62 жастан 64 жасқа дейін көтеруді заңды деп таныды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел