Полиция су тасқынынан қараусыз қалған 9 мыңнан астам нысанды күзетіп жатыр

Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 зардап шеккен елді мекенді бақылауға алды.Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардға медициналық көмек көрсету жайлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. Су басқан өңірлерде құқықтық тәртіп пен қараусыз қалған мүліктің сақталуын қамтамасыз етіліп жатыр. "Азаматтардың қауіпсіздігін ету үшін қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларға 4 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, ІІМ оқу орындарының курссанттары қатысып жатыр. 700 қызметтік техника жұмылдырылды. Оның ішінде патрульдік көлік, автобустар мен жүк көліктері, ведомстволық тікұшақ пен ұшақтар. ІІМ органдарының қызметкерлері ТЖМ мен жергілікті органдары арықтарды тазартуға да көмектесіп жатыр. Полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлері 10 мың метрге жуық арықты тазартты. 159 мыңнан астам құм салынған қап төселді. 16300 адам құтқарылды. Тікұшақпен 325 адам эвакуацияланды, оның 11-і жасөспірім бала", - деді ол. Сұлтанбаев атағандай, қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 зардап шеккен елді мекенді бақылауға алды. "Ақтөбе облысында Ақтөбе мен Ойыл ауданы, Атырау облысында Құлсары қаласы мен Жылыой ауданы, БҚО-да Орал мен бірнеше аудан, Қостанай облысы мен СҚО, Ұлытау аудандары бар. ІІМ 9600-ден асқан қараусыз қалған тұрғын үй мен өзге нысандарды күзетіп жатыр. Ұрлыққа жол берілмеді", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елден шығарылады деген Шерзаттың әпкесі халықтан кешірім сұрады
АҚШ-та қайғылы оқиға болды
Қазақстан әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады (ВИДЕО)
Алматы кафелерінің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелесті
Жаңа жыл түні қанша төтенше жағдай болды?
2 қаңтарда ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
"Тұман, көктайғақ, бұрқасын": тоғыз өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ақтөбеде 58 отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алды
Анасына тосынсый жасамақ болған жігіт жол апатынан қаза тапты
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)