Әлеуметтік желіде "Түрксітан облысында балабақша жұмысшысы он бес баланы зорлаған" деген ақпарат тарады. Алайда облыстық полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбековтің мәліметінше, Түркістан облысы полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған. "Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ",- Асылжан ҚалдарбековОл басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шаралары жалғасатынын атап өтті. Бұған қоса Түркістан облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескертті. "Сіздерден тек ресми дереккөздерге сену мен сүйенуді сұраймын", – дейді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары.