Жаз айларында жолаушылар пойыз билеттерін таба алмай әуре-сарсаңға түседі. Делдардарға ұрынбай билет табудың қандай жолы бар екенін "Жолаушылар тасымалы" компаниясының өкілі айтты. Бұл туралы Almaty TV арнасы хабарлады.Телеарна мәліметінше, елдегі көптеген бағытқа пойыз билеттерін алу мүмкін емес. Алайда қайдан екені белгісіз делдалдарда билет болады, оның құны әдеттегіден екі есе қымбат. Делдалдардан билет алу Whats up мессенджері арқылы жүзеге асады екен.Делдалдардан билет бағасын екі есе қымбатқа алмаудың бір ғана жолы бар,- дейді "Жолаушылар тасымалы" компаниясының өкілі."Егер билет таппасаңыз "күту парағы" деген сайтқа кіріп, қай күні қай бағытқа баратыныңызды жазсаңыз, билет табылған кезде сізге хабарлама келеді. Арнайы сілтемеге өткен соң, хабарлама келеді. Сонда қай бағытта, қанша сомаға, нешінші орын, барлығы билеттегідей жазылып тұрады. Тек осы жерде батырманы басып, билетті сатып алсаңыз болады", - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали. Телеарна хабарлауынша, билеттер тапшылығы маусым сайын қайталанатын мәселе. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания биыл жыл соңына дейін 2 мың вагонға қоса тағы 100-ге жуық отандық вагон сатып алмақ.Ал келер жылдан бастап 2025 жылға дейін қосымша 200 вагон жолға шығады. Жауапты компания билет тапшылығын жою мақсатында осындай қадамға барып отырғанын жеткізген.