Жапонияның батысында пойызда ер адам жолаушыларға пышақпен шабуылжасағаннан кейін үш адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агеттігі Kyodo-ға сілтеме жасап хабарлайды."Жексенбіде Осакада (Батыс Жапония) пойызда болған оқиға салдарынан үш адам жарақат алды, қылмыскер дереу қамауға алынды", - деп жазды агенттік жергілікті билікке сілтеме жасап. Жараланғандардың қатарында үш ер адам бар: екі жолаушы және 70 жастан асқан пойыз кондукторы. Олар ауруханаға жатқызылды. Алынған жарақаттары олардың өміріне қауіп төндірмейді. Полиция 37 жастағы ер адамды кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен сол жерде қамауға алды. Қаскүнемді қамауға алған кезде оның жанында үш пышақ болған.