"Пойыздар үнемі кешігіп келеді", – Ә. Смайылов

Пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондар – мұның барлығы қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді деді премьер министр Әлихан Смайылов. Ал, жауапты ведомство пойыз жолдардағы тариф саясатын өзгертуді ұсынып отыр. Мәселенің шешімі осы ма? Үкімет басшысы жауаптыларға қандай тапсырма жүктеді? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады. Елдегі локомотивтердің тең жартысы тозған. Атап айтқанда, қазір 1880 локомотив бар. Соның 52 пайызы ескі. Қажетті локомотивтер санын қамтамасыз ету мен тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 133 жаңасы сатып алынған. Алайда оның өзі толық шешім болмай отыр. Тек 2025 жылға қарай ғана жылжымалы құрам паркіндегі тапшылықты толық жойылады деп сендірді,-министр Марат Қарабаев.Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: Локомотивтердің негізгі өндірушілері – отандық Локомотив және Электровоз құрастыру зауыттары болып табылады. Тағы қосымша 200 бірлік локомотив сатып алу мәселесі пысықталуда. Осылайша алдағы уақытта 568 локомотив сатып алу жоспарлануда, бұл жылжымалы құрам паркіндегі тапшылықты толық жоятын болады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов теміржол саласындағы кемшіліктерді тізіп берді. Локомативтерді айтпағанда, магистральдық желілердің жайы да мәз емес деді. Биылдың өзінде көрсеткіш 60 процентке жеткен. Мұның бәрі пойыздардың жүрісі мен теміржолдың өткізу қабілетіне кедергі келтіруде. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан «Қазақстан темір жолының» қызметіне қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде. Пойыздардың үнемі кешігіп келуі, сервистің нашарлығы, ескірген вагондар – мұның барлығы қалыпты жағдайға айналып барады. Ал бизнес болса вагондардың уақытында берілмеуін, ұзыннан-ұзақ келісу рәсімдерін айтып, шағымдануда. Осының барлығы бүкіл экономиканың дамуына кері ықпал етеді. Ал, жауапты ведмоство, барлық мәселенің шешімін тариф бағасымен байланысытырады. Айтуларынша, қызметтерге бекітілген тариф бағасы көршілес елдерден айтарлықтай төмен. Сондықтан тарифтік саясат тиісті көлемдегі қаражатты табуға мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Нұрлан САУРАНБАЕВ, "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰҚ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Барлық көрші елдермен салыстырғанда, мәселен, Ресей және т.б. – біздің тарифтер кем дегенде 2 есе аз. Ал кейбірімен салыстрғанда, 3-4 есе аз. Сонымен қатар Ресей теміржолдары сияқты компаниялар тарифтері жоғары болса да, бір жылда 2-3 есе капиталдандырылады.Премьер-министр теміржол саласындағы ахуалды жақсарту бағытында нақты тапсырмалар берді. Жыл соңына дейін Дарбаза – Мақтаарал темір жолының құрылысы басталады. Ал қазір Достық – Мойынты темір жолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды