Прагадағы мейрамхана, зауыттар мен вилла: Delta Bank ісіне қатысты Нұрлан Тілеубаев 10 жылға сотталды

Астық олигархы Нұрлан Тілеубаевқа сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше “Delta Bank" АҚ ісіне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты заңсыз алып шығарған. Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді. “Мүліктің ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компанияның 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен 5 миллион долларлық Palm Jumeirah-та орналасқан вилла бар. Сонымен қатар Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы "Вентспилс астық терминалының" 100% үлесін бұғаттау санкциясы енгізілді”, – деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігі. Сонымен қатар Нұрлан Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан проблемалық несие қорына берілді. Сот үкімімен Нұрлан Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта оның компанияларының заңсыз қызметінен "ҚазИнвестБанк" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "БЖЗҚ" АҚ зардап шекті. Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұған дейін астық олигархы Нұрлан Тілеубаев Delta Bank-тен заңсыз ақша жымқырды деп айыпталғаны хабарланған еді. Ол 2016 жылы Forbes нұсқасы бойынша елдегі 50 ықпалды кәсіпкердің қатарына енген, ал байлығы 257 миллион доллар деп бағаланған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Щучинскте монша өртеніп кетті
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты