Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 1-турында алматылық «Қайрат» және «Атырау» командалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алматылық клуб жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде 17-минутта «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал, 23-минутта Гүлжігіт Алықұлов есепті үстемелей түсті. Оған «Атырау» сапынан Демир Имери 37-минутта бір голмен жауап қайырса, 66-минутта Евгений Козлов таразы басын теңестірді. Осылайша, командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Айта кетсек, 4 наурызда ел біріншілігінің алғашқы турында «Ордабасы» өз алаңында «Каспийден», «Тобыл» «Ақсудан», «Астана» «Шахтерден» басым түсті. Ал, сырт алаңда «Ақтөбе» «Жетісуды» сүріндірді. Алғашқы турды «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуі түйіндейді.