Премьер-министр: Елде өнеркәсіп құрылымы өзгереді

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Тұжырымдаманың жобасын таныстыра отырып, оның орта және жоғарғы дәрежеде дайындалатын өнімдерді шығаруға бағдарланған технологиялық озық өнеркәсіп құруға бағытталғанын атап өтті. Саланы дамытудың жүйелі шараларының ішінде ол өндірістерді шикізатпен қамтамасыз етуді, жаңа кен орындарын игеруді, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуды және ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құруды атап өтті.Тұжырымдама жобасы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын 500 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыруды көздейді. Қарастырылып отырған кезеңде 147 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы құны 33,1 трлн теңгеге 868 жаңа жоба іске қосылады деп болжануда. Барлық жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде өндірістің нақты өсуін 2029 жылы 1,5 есе, ал негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 19,8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланған. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Тұжырымдама жобасы Қазақстанның өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, онда өңдеуші сектор негізгі орынды иеленетінін атап өтті. Жалпы кеңеске қатысушылар құжатты мақұлдады. Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне құжатты мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп, Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Күн күрт суытады
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?