Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімдерін қабылдады. Әр әкім өзі басқарып отырған өңірдің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспары жөнінде баяндады. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, өткен жылы Маңғыстау облысында құны 25 миллиард теңге15 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Туризм саласында өсім байқалады. Былтыр өңірге 231 мың турист келген.Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өңірдің басты даму ерекшеліктері ол туризм саласын дамыту екенін ескерсек, былтыр келген туристердің саны артты және салаға салынған инвестицияның да көлемі артты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Президентке су тасқынының алдын алу шаралару туралы айтты. 43 елдімекенді су басу қаупі жойылған. Алайда, толассыз жауған нөсер салдарынан жеке үй аулаларын су басып қалғандықтан, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір жағдай тұрақты. Жергілікті халық өз баспаналарына оралған. Шығын көлемін арнайы комиссия анықтап жатыр, деді. Дархан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сол мәселелерді пысықтап, тағы да баяндап шықтым. Нақты тапсырма бойынша сол зардап шеккен азаматтарымыздың бәрін тұрғын үй болсын немесе қорасы бойынша солардың барлығын қалпына келтіруге көмек беру және де солардың жағдай жасау. Тапсырма берді. Көктемгі егінге дайындық бойынша да тапсырма берді.