Президент Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Президент Алматы қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.Жиынды ашқан Мемлекет басшысы былтыр күзде Алматы жұртшылығымен кездесу барысында қаланы дамытудың басты бағыттары айқындалғанын атап өтіп, нәтижесінде Алматыны дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, шаһардың 2040 жылға дейінгі Бас жоспары бекітілгенін айтты. – Алдағы 20 жылда Алматы халқының саны 3 миллионға жуықтайды деген болжам бар. Болашақта қала ішіндегі бес аумақ орталық ретінде дамиды. Сонда орталықтағы қазіргі ахуал біршама жеңілдеп, барлық ауданға бірдей салмақ түседі. Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр. Қалада тұрғындар саны орташа алғанда жыл сайын 70 мың адамға көбейіп келеді. Жұмысқа, сабаққа бару үшін іргелес елді мекендерден күн сайын 500 мың адам Алматыға келіп кетеді. Мұндай түйткілдерді уақтылы анықтап, дер кезінде шешіп отыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.Кеңес барысында қаланың коммуналдық, жол және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ білім, экология және медицина салаларында қордаланып қалған проблемаларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар жиын барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сөз сөйледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алдағы уақытта базарлар мен дүкендер жабылып қалуы мүмкін
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
«Алланың қалауымен жеңдім». Діншіл спортшыларға қатысты жол картасы әзірленіп жатыр
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Құрамында никотині бар вейпті дайындап сатқан адам сотталды
Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Кастет те суық қару
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті
Қысқы универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы әлемдегі ең лас 126 мегаполистің ішінде бірінші орында тұр
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған